Dec 31, 2019 23:56 Asia/Almaty
  • Иран болашақта сионистік режимді 48 сағаттың ішінде тізе бүктіруден де ірі жеңістерге жетеді

Ислам революциясының жетекшісі: "Палестина қуатты болып қала береді. Алланың рақымымен жақын болашақта Палестина халқы түпкі жеңіске жетеді",-деді..

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахале және оның қасындағы делегациямен кездесуінде Палестина мәселесіндегі айқын қатынасқа тоқталып: "Осы қатынас негізінде қарсыласатын болсаңыздар, жеңіске жетесіздер. Егер қарсыласпасаңыздар, жеңіліс табасыздар. Бірақ, Алланың рақымымен Палестина халқы осы уақытқа дейін сионистік режиммен күресіп, қарсыласып, жеңістерге қол жеткізді.

Палестина халқы мен қарсыласу топтарының негізгі жеңісі араб армиялары жеңе алмаған сионистік режимді тізе бүктіру болды. Алланың рұқсатымен болашақта бұдан да үлкен жеңістер болады.

Қарсыласу топтарымен болған екі соғыстың бірінде 22 күн өткен соң, екіншісінде 8 күн өткен соң атысты тоқтатуды сұраған сионистік режим соңғы қақтығыста 48 сағаттан кейін атыстың тоқтатылуын сұрады. Бұл сионистік режимнің тізе бүккенін білдіреді",-деді.  

Аятолла Хаменеи соңғы жылдары Палестина халқының үсті-үстіне жеңіске жетуінің себебін табандылықпен қарсыласу деп атап: "Қарсыласу болашақта өз күшін сақтаса, сионистік режим  құлдырай береді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, үстемшілдердің ИИР-ға жасап жатқан ауыр қысымдарына тоқталып: "Бұл қысымдар біздің Палестинаны қолдаудағы илаһи, діни және азаматтық міндетімізден бас тартуымызға себеп болмайды",-деді.    

 

Тегтер

Сараптама