Jan 01, 2019 01:27 Asia/Almaty
  • Еуропа АҚШ-тың қысымдары алдында ерік-жігерден кенделігін көрсетті

Иран Сыртқы істер министрі Еуропаның іс жүзінде АҚШ-тың қысымдары алдында ерік-жігерден кенделігін көрсеткенін айтты.

Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткен баспасөз отырысында АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін бұл келісімді сақтап қалу үшін берілген екі айдың ішінде SPV деп аталатын қаржы механизмін жасауға бағытталған арнайы шаралардың атқарылмағанын айтып: "Механизмнің күрделілігі мен АҚШ-тың Еуропа елдеріне қысымының шектен тыс көптігі сияқты жайттар келіссөздердің созыла түсуіне себеп болды. Маңызды нәрсе – Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға деген саяси ерік-жігері. Алайда олар іс жүзінде АҚШ-тың қысымына қарсы ештеңе істей алмайтындарын көрсетіп, белгіленген уақыт ішінде өз міндеттемелерін орындай алмады.

Қаржы механизмінің күрделігі, Еуропаның қауқарсыздығы, АҚШ-тың қысымы және доллардың үстемдігі бұл істің орындалуының кешеуілдеуіне соқтырды",-деді.    

 

Тегтер

Сараптама