Jan 02, 2019 21:05 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың аймақ халқының арасында көрінуге батылы бармайды

ИИР Президенті Рухани АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иракқа жасаған жасырын сапарына тоқталып: «Америкалықтардың Ирак, Сирия, Ливан және Йемен халықтарының арасында көрінуге батылы бармайды»,- деді.

 

Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күнгі үкімет отырысында америкалықтардың 2003-ші жылдан бері Ирак пен Ауғанстан халықтарын құтқару туралы уәж айтып келгенін тілге тиек етіп: «Егер АҚШ Иракты құтқарған болса, Трамп неліктен сол елге ресми сапармен бармады? Трамптың Иракқа жасаған түнгі жасырын сапары мен одан асығыс қайтуы – АҚШ-тың аймақта сәтсіздікке ұшырағанының белгісі. Ақ үй басшылары 2019-шы жылы өздерінің сәтсіздіктерінен сабақ алып, аймақтың, әсіресе Палестина халқының істеріне араласпауы керек»,- деді. Рухани сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларына сілтеме жасап: «Дұшпанның қысымдарына қарамастан Иранның экономикалық жұмыстары үміт тудырады. Америкалықтар еш уақытта Иран мұнайы экспортының алдын алуды көздеген мақсаттарына жетпейді»,- деп қуаттады. Иран Президенті дұшпанның қоқан-лоққыларына қарсы тұру үшін елдің қорғаныс саласындағы әлеуетін арттыру қажет екенін баса айтты.

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама