Jan 07, 2019 16:31 Asia/Almaty
  • Шамхани: Таяу Шығыс елдері арасында ауқымды кеңес өткізу қажет

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Таяу Шығыс елдері арасында ауқымды кеңестер мен тікелей келіссөздер өткізуді айқын қажеттілік деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Шамхани дүйсенбі күні Теһранда өткен «Таяу Шығыстағы қорғаныс пен қауіпсіздік»  атты халықаралық форумда: «Дұшпандар аймақ елдері арасында үздіксіз пікір алмасудың жоқтығын теріс пайдаланып, виртуалды кеңістік, ақпарат құралдары, қауесеттер мен психологиялық амалдар арқылы аймақ елдері арасында ұжымдық қауіпсіздік  пен әріптестіктің қалыптасуының алдын алуды мақсат тұтып отыр»,-деді.

Шамхани аймақ елдерінің саясат, экономика, мәдениет пен кибернетика салаларындағы әріптестік деңгейін арттырудың даму мен ілгерілеуге негіз бола алатынын айтып: «Егер экономика мен мәдени сенімдер түзетілсе, тәкфирлік топтардың жастар арасындағы қиыншылықтарды теріс пайдаланып, олардың миларын улап, саналарын өзгерту үдерісінің тоқтайтыны анық»,-деді.    

 

Сараптама