Jan 09, 2019 23:10 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтар Иран халқына қарсы қазіргі санкциялардың бұрын-соңды болмағанын қуанышпен айтады. Бірақ, Иран халқы да оларды тарихта бұрын-соңды кездеспеген жеңіліске ұшыратады»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні таңертең Құм халқының 1978-ші жылдың қаңтар айының 9 күнгі – «19-шы дей» көтерілісі күні қаланың мыңдаған тұрғынымен кездесуінде: «АҚШ пен Иран халқының бір-біріне қарсы тұруы – тарихи қарсыласу, шындық пен жалғандықтың бетпе-бет келуі. Өйткені, үстемшілдік пен отаршылық халықтардың қанымен қоректенеді. Ислам революциясы бұл зұлымдыққа қарсы әшкере түрде қарсы шығып, халықтарды оятуға талпыныс жасады»,- деді.

Аятолла Хаменеи көптеген мемлекетте «АҚШ-өлім!» деген ұранның естілуін бұрын-соңды болмаған оқиға әрі Иранның жетістіктерінің белгісі деп атап: «Үстемшілдер «Ираннан үркіту», «Исламнан үркіту» және «Шиіттерден қорқыту» саясаттарымен халықтарды адастырғысы келеді. Бірақ, халықтар шындық анықталған  кез келген жерде Иранды қолдайды»,- деді. Хазірет Еуропа мен Америкада  болып жатқан кейбір оқиғаларды Батыс өркениетіндегі рухани тапшылықтың қатерлі салдарларының бірі деп атап: «Оларға қарсы діни халықтық демократия мен әлемнің мүмкіндіктері мен құралдарын пайдаланып, алға басатын шындық орналасқан»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі әлемдік үстемшілдердің Иранмен шынайы қарсыласуы туралы сөзінде дұшпандықтардың негізгі себебін Ислам революциясының болмысы мен халықтың жанкештілігі әрі батылдығы екенін қуаттап: «Егер Алланың көмегімен бұл қозғалыс ойдағы нәтижесіне жетсе, Батысты үстемшілдігі мен отаршылықтан алыстатады»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи Американың жоба-жоспар құратын органының әлсіздігіне сілтеме жасап: «Кейбір америкалық басшылар өздерін диуана сияқты көрсеткісі келгенімен мен ондайды қабылдамаймын. Олар шын мәнінде нағыз ақымақтар»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі кейбір батыстықтардың қисынсыз сөздерін сайқымазақтардың сөздеріне ұқсатып: «Олар Иранға адам құқықтарын саудиялықтардан үйренуге кеңес береді. Бұл барып тұрған сайқымазақтың сөзі емес пе?»- деді.     

 

 

 

Тегтер

Сараптама