Jan 10, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың мемлекеттік қайраткерлері Иран халқының ұлылығының алдында жеңіліске ұшырады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Құм тұрғындарының х.ш.ж.с.б. 1356 жылы 19 дей күнгі тарихи көтерілісінің жылдығында Құм қаласының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде революцияның болмысы мен шындығы, халық пен жүйенің ерлігі мен революция мақсаттары мен негіздеріне деген адалдығын АҚШ-тың Иран халқына қарсы терең әрі үздіксіз жауластығының негізгі себебі деп атады.

Революция жетекшісі АҚШ-тың есептеу органының бүгінге дейінгі әлсіздігінің жалғасуын шындық деп атап, бір америкалық мемлекеттік қайраткердің өткен жылы лаңкестердің алдында сөйлеген сөзі мен олардың алдында 2019 жылды Теһранда атап өтетіні туралы берген уәдесіне сілтеме жасап: "Иран дұшпандарының есептеу қабілеті осы деңгейде ғана. Бұл кезінде Саддамның бір аптаның ішінде Теһранға жетіп, "Мұнафеқин" жалдамалылары да үш күндік Мерсад шабуылы барысында Керманшаһтан Теһранға жетеді деген үміті мен қиялына ұқсас",- деді.

Иран Ислам революциясы 40 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Осы жылдардың ішінде Иран халқы бар күші мен қабілетінің арқасында барлық қиындықтарға төтеп берді. АҚШ өз мақсатына жету үшін соңғы 40 жылдың ішінде соғыс таңу, саяси және экономикалық қысым жасау деген үш бағыт арқылы әрекет жасады. АҚШ Иранға соққы беру үшін психологиялық соғысқа кірісті. Алайда ол өзінің барлық қастандық әрекеттерінде жеңіліске ұшырады.

Революция жетекшісі бір батыстық институттың бірнеше күн бұрынғы мойындауына тоқталып: "Олар Иранды керемет әлеуеттеріне байланысты әлемдегі бесінші бай мемлекет деп атап отыр. Сондықтан осындай байлықтан айрылғаны үшін қатты ашулы екендіктері табиғи жағдай",- деп айтты.

Иранның ұлылығы, Ислам республикасының күш-қуаты мен Иран халқының жеңімпаздығы – теріске шығаруға келмейтін даусыз үш шындық. Сол себепті өз елінің жағдайы мен өзінің қабілеттері жайлы қате ой түю үшін дұшпандар Иран халқының бұларды иемденбеуін немесе мүлдем ұмытуын армандайды. Иранның жеңіліске ұшырамауын бұл ұлы халықтың ислам революциясындағы жеңісі мен дұшпандардың әртүрлі қастандықтары мен әрекеттеріне қарсы тұруынан байқауға болады.

Ислам революциясының тарихы үстемшілдердің зұлымдығы мен күш көрсетуіне қарсы табандылық пен қарсыласуға толы. Бұл табандылық уақытша маусымдық құбылыс емес. Саддам режимінің Иранға қарсы соғыс таңған кезеңі осындай оқиғалардың бірі. Зорлықшыл және билікқұмар державалар бар мүмкіндіктері мен әлеуеттері арқылы өздерінің заңсыз мүдделері мен мақсаттары үшін Саддамға қолдау көрсетіп, аймақтық коалициялар құру арқылы Иран Ислам Республикасы жүйесін құлату атты қате қиялға берілген болатын. Бірақ олар өз мақсаттарына жете алмады. Үстемшілдік халықтарды "Ираннан қорқыту", "Исламнан қорқыту" немесе "шиіттерден қорқыту" арқылы адастыру үшін талпыныс жасап жатыр. Алайда халықтардың жалпы исламдық Иранмен дұшпандығы жоқ. Ақиқат анық болған жерд олар Иранды қолдайды. Бұл – ислам революциясының арқасында пайда болған үлкен өзгеріс.

 

 

Тегтер

Сараптама