Jan 11, 2019 14:50 Asia/Almaty
  • Тангсири: Дұшпандар қателік жасайтын болса, Парсы шығанағын олар үшін батпаққа айналдырамыз

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы генерал Тангсири егер дұшпандар Парсы шығанағында өздерінің қате жоспарларын жүзеге асыруды қаласа, Парсы шығанағын олар үшін "Гавхуни батпағына" айналдыратындарын айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы генерал Әлиреза Тангсири: "Иран Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінде Парсы шығанағында толық қауіпсіздік орнаған. Қауіпсіздікті бөгделер бұзады. Сондықтан біз бәріне Парсы шығанағында қауіпсіздік орнатуға әзірлігімізді мәлімдедік. Дұшпандар бұл аймақта үнемі орналаса алмайтынын білгені жөн.

Парсы шығанағы тұйық шығанақ. Кейбір дұшпан кемелерінің ядролық отынмен бұл аймақта орналасуы Парсы шығанағында экологиялық апат тудыруы мүмкін",- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама