Jan 12, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Иранда алғаш рет ұшқышсыз ұшақтар пен қырғи ұшақтар ортақ әскери амалдарды жүзеге асырды

ИИР Әуе күштерінің қолбасшысы Иранда алғаш рет қырғи ұшақтар мен бомбалаушы және ұшқышсыз ұшақтардың ортақ амалдарының жүзеге асырылғанын хабарлады.

Бригада генералы Азиз Насирзаде жұма күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Қолбасшылық пен бақылау тұрғысынан ерекше саналатын "Велаят-97" атты әскери жаттығулары кезінде дұшпанның болжамды нысанын жою мақсатында жауынгерлік қырғи ұшақ пен әскери ұшақ бірлесіп, ортақ әскери амалды жүзеге асырды.

Бұл екі жауынгерлік ұшақтармен бірге бір барлау мақстаындағы ұшқышсыз ұшақ шайқас майданын бақылап, қолбасшылық және бақылау орталығына есеп беру үшін көкке көтерілді",- деді.

VIII "Велаят-97" атты әскери жаттығулар кезінде Иранның қорғаныстық өнеркәсіп саласының мамандары жасаған лазерлі және радарлы зымырандар, түрлі ракеталар мен басқарылатын авиациялық бомбалар мен байланыс және электронды соғысқа арналған жүйелер қолданылып, іс жүзінде сынақтан өтті.

 

 

Тегтер

Сараптама