Jan 12, 2019 20:44 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні Иракқа сапар шегеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мұхаммад Джавад Зарифтің ертең, жексенбі күні жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Иракқа аттанатынын хабарлады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Иранның мемлекеттік және жеке меншік бірқатар компания басшыларының Иракқа Зарифпен бірге баратынын, ИИР Сыртқы істер министрінің осы сапарында Ирақтың жоғары лауазымды басшыларымен кездесу, Ирактың бірнеше қаласында, әсіресе Кербала мен Сүлейманиеде Иран-Ирак ортақ іскерлік форумына қатысу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

 

Тегтер

Сараптама