Jan 15, 2019 22:13 Asia/Almaty
  • Иран уранды 20 пайызға байытатын әлеуетке ие

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы ислам республикасының уранды 20 пайызға байытатын әлеуетке ие екенін хабарлады.

Әли Акбар Салехи еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сәйкес міндеттемелерін орындамағанын, сондықтан Иранның ядролық жұмыстарға оралу үшін қажет шараларды жоспарлап, 3-4 күннің ішінде уранды 20 пайызға байыту ісін бастайтынын мәлімдеді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Иранның уранды 20 пайызға байыту ісін 10-12 жылға тоқтатқаны туралы кейбір батыс елдерінің сөздерін теріске шығарып: "Иран уранды 20 пайызға байыта алатындай жеткілікті мөлшерде уранға бай әрі ядролық жұмыстарға оралатын әлеуетін сақтап отыр",- деді.

 

 

 

Тегтер

Сараптама