Jan 17, 2019 15:44 Asia/Almaty
  • Зариф: Ирандықтар

ИИР СІМ Иран шаһының қуылғанына қырық жыл, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалғанына үшінші жыл толуына орай сөйлеген сөзінде: "Ирандықтар "АҚШ – алпауыт ел" деген аңызды жойды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында 40 жыл бұрын осындай күні ирандықтар АҚШ-тың қолшоқпарын Иран жерінен кетуге мәжбүрлегенін және үш жыл бұрын осы күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылып, Иранның жылдар бойғы оқшаулық пен санкциядан шыққанын айтып: "Өткен 40 жылда АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтары мен Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына қарамастан, ирандықтар "АҚШ – алпауыт ел" деген аңызды жойды",-деді.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы 2015 жылдың 14 ақпанында Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше 5 ел (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Ресей мен Қытай) және Германия арасында қабылданды. Бұл келісім 2016 жылдың 16 қаңтарынан бастап орындала бастады.

 

Тегтер

Сараптама