Jan 22, 2019 18:32 Asia/Almaty
  • Жапония Иран мұнайын тұтынушылардың қатарына оралды

Ирандағы Жапония елшісі Мициго Сиотоу дүйсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің зерттеу орталығының басшысы Казем Джалалимен кездесуінде мұнайдың елдің дамуында маңызды рөл атқаруына байланысты Жапонияның Иран мұнайын сатып алуын жалғастыратынын хабарлап:

«Иран мен Жапонияның әртүрлі салалардағы 90 жылдық ынтымақтастығының екі ел үшін маңызды жетістіктері болды. Сондықтан ынтымақтастықтарды арттыру керек»,- деді.

Жапонияның мұнай өңдеу зауыттарының қауымдастығы біраз уақыт бұрын Иранның мұнайын қажет ететіндіктерін  жариялаған  болатын.

Жапония Сауд министрлігінің мәліметтері бойынша, бұл мемлекет өткен тамыз айында мұнай өңдеу зауыттары Иран мұнайын алуды тоқтатудан бұрын Ислам республикасынан күніне 177475 баррель мұнай сатып алған. АҚШ-тың санкциялары Обаманың кезінде де, Трамптың кезінде де Иранның мұнайын сатуына кедергі болды. АҚШ-тың стратегиялық мақсаты – Иранның мұнай саудасын мүлдем тоқтату. Бірақ, бұл мақсаттың есебі қате болды. АҚШ Иранға қарсы мұнай санкцияларын қайта салған 2018-ші жылдың қараша айының  басынан Иран мұнайының негізгі тұтынушыларына әсер ете алмады.

Бұл салада АҚШ біріншіден, Сауд Арабиясының жағдайын Иранды оқшаулап, оның мұнайының орнын толтыру үшін пайдалана алмады; екіншіден, АҚШ Иранның мұнайына салған санкцияларының басқа елдерге теріс әсер етуіне алаңдап отыр деген екі сараптаманы кездестіруге болады.

Бүгін АҚШ-тың өзі елдің ішкі дағдарыстарымен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан сыртқы саясатының әрбір сәтсіздігі барлық мәселеге әсер етуі мүмкін. Осыған орай АҚШ Еуроодақ, Қытай, Жапония мен Үндістан секілді мемлекеттерді тікелей өзіне қарсы қойып алудан және олардың реакцияларынан қашатын жол іздеп жатыр. Еуропа АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын қатты сынады. Еуроодақтың АҚШ пен оның кейбір одақтастарының ақпанда Польшада өтетін Иранға қарсы отырысқа қатыспау туралы ұстанымы дәл осы мәселеге байланысты. Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саласында берген уәделерін іске асыруды кешіктіріп отыр, бірақ Иранмен сауда қарым-қатынасына қатысты жұмыстарын жылдам жүзеге асырғысы келеді. АҚШ-тың сегіз мемлекетті қаңтар айындағы санкциялардан босатуын Американың майдандық жағдаймен санасуы деп бағалауға болады. Сонымен бірге Иран мен  Ираннан мұнай сатып алатын елдердің жұмыстары мен ақша айналымы АҚШ-қа бағынбайтын үдеріске түсті. Бұл үдерістер АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының сәтсіздікке ұшырайтынын, Иранның мұнай экспортының өз мұнайының тіпті бір баррелінен де айрылмайтынын көрсетеді.  

 

 

Тегтер

Сараптама