Feb 19, 2019 14:27 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сауд Арабиясы – әлемдегі ұйымдастырылған лаңкестіктің ошағы

Иран Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Ғасеми: «Сауд үкіметі әлемдегі ұйымдастырылған лаңкестікті құратын тәкфиршілік наным-сенімнің орталығы бола тұра басқа елдерді айыптайтындай құқығы жоқ»,- деп қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні Сауд Арабиясының Сыртқы істері бойынша кеңесші министрі Адел ал-Джубейрдің Пәкістан сапарындағы Иран туралы дұшпандық сөзіне реакция білдіріп: «Саудиялық басшының сөзі оның үкіметінің әлем мен аймақтағы ұйымдастырылған лаңкестіктің орталығы екенін көрсетті. Әл-Джубейр әлемдік қоғамдық пікірді рақымсыз әрі адам өлтіруші топтардың құрылуы мен таралуындағы Риядтың рөлінен бұрмалаудың орнына Сауд Арабиясы билігінен тамырланатын лаңкестікке, Йемендегі қылмыстары мен өзі құрған лаңкестік топтар арқылы аймақ елдеріндегі, тіпті әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі жазықсыз халықты өлтіруіне жауап беруі керек»,- деді.                                                                                                                  

 

 

                                                                                                                 

 

Тегтер

Сараптама