Feb 19, 2019 14:48 Asia/Almaty
  • Бағери: Иран зымырандарының дәлдігі әлемде теңдессіз

ИИР Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бағери Иран зымырандары дәлдігінің әлемде теңдессіз екенін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, генерал-майор Мохаммад Бағери дүйсенбі күні Құм қаласындағы Имам Садық (ғ.с.) атындағы Исламдық ғылымдар зерттеу орталығында сөйлеген сөзінде ирандық «Хоррамшаһр» зымыранының 1300 км қашықтықтағы жуырдағы сынақта бір метрден төмен қателікпен нысанаға тигенін, бұл жайттың әлемде теңдессіз екенін айтты. Бағери, сондай-ақ, Иранның оңтүстік-шығысындағы лаңкестік шабуылға тоқталып, сондай лаңкестік шабуылдар қайталанбайтындай, орындаушыларынан кек алатындай шаралар ойластырылғанын баса айтты.

 

 

 

Тегтер

Сараптама