Feb 22, 2019 19:01 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға оралатын технологиялық әлеуетке ие

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Салехи Теһранның АҚШ-тың санкцияларынан өтетін күш пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға оралу үшін қажет технологиялық әлеуетке ие екенін жариялады.

 

Әлиакбар Салехи «Әл-Джазире» арнасына берген сұхбатында: «Иран көптеген салаларда өзін қамтамасыз ету әлеуетке иие, сондықтан дұшпанның санкцияларына қарсы тұра алады және еш уақытта қысымдарға бағынбайды»,- деді. Салехи еуропалық мемлекеттердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне табанды болу қажеттіліктеріне тоқталып: «Еуропалықтар алғашқы қадамын жасады, алдағы айларда көбірек қадам басатындарына үміттіміз»,- деп сөзін жалғады. Салехи сондай-ақ америкалық басшылар мен сионистік режим  премьер-министрінің Вашава отырысындағы нәтижеге жетпегендерін еске салып: «Олар Иранға қатысты ешбір шешім қабылдай алмады және бұл отырысы олар үшін үлкен әшкерелену болды»,- деді.

 

Сараптама