Mar 21, 2019 10:15 Asia/Almaty
  • Руханидің Наурыз мейрамына арналған жолдауы

ИИР Президенті хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылдың басталуына орай сөйлеген сөзінде 1397 жылды Иран халқы әртүрлі салаларда үлкен табыстарға жеткен жыл деп атап: «Сөзсіз, Иран жеңіске жетіп, қиындықтардан өтеді»,- деді.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкцияларына тоқталып: «Дұшпан санкцияларын бүкіл дүние мен одақтастары қолдайды деп ойлағанымен бірнеше мемлекеттен басқа барлық ел Иран халқының қасынан табылды»,- деді. Иран Президенті БҰҰ, Қауіпсіздік кеңесі мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі сияқты халықаралық органдардың Иран халқын қолдағанын қуаттап: «Келісімді бұзып, қылмыс жасағандар бұл жолдың соңының олардың мүддесіне сай болмайтынын білгені жөн»,- деп ескертті. Рухани сондай-ақ, Иран мен көршілес елдер арасындағы жақсы қарым-қатынасқа тоқталып, жаңа жылды барлық көршілермен достықты арттыратын жыл болатынына үміт білдірді. Иран Президенті халқына жаңа жылдың бірлік пен талпыныстарды арттыратын жыл болатынын баса айтып: «Жаңа жылда ирандықтар Иран халқын бағындырғысы келетіндерге қарсы тұрып, бір-біріне көмектесіп, айбыны мен ғиззатын арттырады»,- деді.

Рухани Иран халқын, шетелдердегі ирандықтар мен Наурызды тойлайтын мемлекеттердің халықтарын құттықтады.

 

Тегтер

Сараптама