Mar 21, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстандағы биліктің ауысуын қолдады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қазақстан Президентінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдіріп, ИИР-ның Қазақстанның Ата заңына сай қазіргі өзгерістері мен биліктің ауысқанын қолдайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми: «Назарбаев – Қазақстандағы ықпалды, кемеңгер саясаткер. Бұл кісінің президенттік кезеңінде Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы үнемі достық сипатта болып, күннен күнге дами түсті»,- деді. Ғасеми келесі президенттік сайлауға дейін Қазақстан Президенті міндетін атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, Иран мен Қазақстанның достығы мен бауырластығының бұрынғыдай жалғаса түсетініне үміт білдірді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қазақстан үкіметі мен халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға бейбітшілік пен бақуаттылық тілеп: «Қазақстан халқы аймақтың басқа көптеген халықтары сияқты Наурызды тойлайды. Наурыз – бұл елдің мәдениеті мен әдеп-ғұрыптарының бір бөлігі»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама