Mar 21, 2019 21:07 Asia/Almaty
  • Иран Президенті аймақ елдерінің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады

ИИР Президенті жеке-жеке жолдауларында Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Ирак пен Өзбекстан басшыларын хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жаңа жылы мен Наурыз мейрамымен құттықтады.

Хасан Рухани бейсенбі күнгі жолдауларында ел басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтап: «Аймақ үкіметтері көктем маусымының арқасында аймақ халықтары арасында бейбітшілік пен бірлік орнатуға жағдай жасап, халықтардың тұрмысының жақсарып, дамуына себеп болады»,- деген үміт білдірді. Иран Президенті жолдауында аймақ халықтары үшін денсаулық пен бақыт тіледі. 11 елдің 300 миллионнан астам халқы Иранның көне Наурыз мейрамын тойлайды.

 

Тегтер

Сараптама