Mar 22, 2019 20:05 Asia/Almaty
  • Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесінде арқадан қанжар салды

Ислам революциясының жетекшісі еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелері мен олардың іске асырып жатқан істері айырмашылығының жер мен көктей екенін қуаттап: «Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесінде арқадан қанжар салды»,- деді.

Аятолла Хаменеи бейсенбі күні хиджри шамси күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың бірінші күні имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде: «Иран мен алты мемлекет арасындағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімнен АҚШ шыққан соң еуропалықтар АҚШ-қа қарсы тұрып, өз міндеттемелеріне табанды қалумен бірге санкциялардың күшін жоюы керек еді. Бірақ, олар осы кезге дейін табандылық білдірген жоқ. Олар Иранға үнемі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалуға кеңес бергенімен өздері іс жүзінде аталмыш келісімнен шықты. Өйткені, Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді»,- деді.  

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Еуропа арасындағы қаржы желісі тақырыбына тоқталып: «Бұл қаржы желісі ащы әзілге ұқсас, оның еш мағынасы жоқ»,- деді. Аятолла Хаменеи батыстықтардың көмегіне үміттенуді тоқтату қажеттігін қуаттап: «Тарихи тәжірибелер мен батыстықтардың әрекеттеріне шолу жасау олардан қастықтар мен қылмыстарды және арқадан қанжар салуды күтуге болатынын көрсетті. Біз олардың көмегін, адалдығы мен қолдауын күтпеуіміз керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылды мұрсаттар жылы деп атап: «Біз илаһи жәрдеммен экономикалық соғыста дұшпанды сәтсіздікке ұшыратамыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз тежегіш күшімізді арттыруымыз керек»,- деп баса айтты. Хазірет дұшпанның Иранның қорғаныс әлеуетінің күштілігін мойындайтынын баса айтып: «Ислам республикасының қорғаныс саласындағы әлеуеті – негізінде тежеуіш күш. Иран санкциялар аясында оларды мұрсатқа айналдырып, тежеуіш күшке ие болды. Еуропа мен АҚШ-тағы саясат пен билік  зұлым, қисынсыз және артықты талап ететін билік. Батыс саясаткерлері сыртқы әдемі киімдері мен әтірлеріне қайшы, шын мәнінде, – жабайы адамдар»,- деді. Аятолла Хаменеи Сауд үкіметінің аймақтағы ең жаман, диктатор, зұлым, шіріген әрі тәуелді  үкімет екенін еске салып: «Батыстықтар бұл үкіметтер үшін ядролық мүмкіндіктер мен зымыран шығаруға жағдай жасайтын орталықтардың бірі, өйткені саудиялық үкімет оларға тәуелді. Біз саудиялық үкімет үшін ядролық және зымырандық орталықтардың салынуына реніш білдірмейміз. Өйткені, бұл орталықтар келешекте илаһи көмекпен исламдық жанкештілердің қолына түседі»,- деп баса айтты.  

      

 

 

 

Тегтер

Сараптама