Mar 24, 2019 22:39 Asia/Almaty

220 жолаушыны тасымалдау мүмкіндігіне ие Иранның жолаушы тасымалдайтын және туристік заманауи кемесі Иран президентінің орынбасары Сорна Саттари мен Иранның оңтүстігіндегі Қиш азат аймағының директоры Ғоламхосейн Мозаффаридің қатысуымен суға жіберілді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, «Torman Top Tours» – Иранның ең үлкен әрі ең дамыған жолаушы тасымалдайтын кемесі. Халықаралық сертификатқа ие «Torman Top Tours» жолаушы тасымалдайтын кеме 80 тонна жүк пен 10 көлікті тасымалдайтын, сондай-ақ, екі жағынан жүк тиеп, жүкті түсіру мүмкіндігіне ие.

«Torman Top Tours» кемесінің суға жіберілуі – өткен төрт күнде Киш аралында іске қосылған екінші туристік жоба. Бірінші жоба бойынша, 21 наурызда Иран мен Таяу Шығыстағы теңіз үсті мен теңіз астындағы бірінші ресторан ашылды.

 

Сараптама