Mar 26, 2019 16:15 Asia/Almaty
  • Ширазда су тасқыны салдарынан 19 адам қаза болып, 105 адам жараланды

Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының орталығы Шираз қаласында су тасқыны салдарынан қаза болғандардың саны 19 адамға жетті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Денсаулық министрі Саид Намаки дүйсенбі күні кешке Фарс облысындағы Төтенше жағдайларды басқару штабында Шираз қаласындағы су тасқыны салдарынан қаза болғандар санының 19 адамға жеткенін хабарлады. Иранның Жедел көмек ұйымының басшысы Пирхосейн Куливанд Шираз апаты салдарынан зардап шеккендердің саны 105 адамға жеткенін, олардың біразының ауруханаларға орналастырылып, қалғанының ауруханаларға жатпай ем алып жатқанын айтты.

Иран Президенті Хасан Рухани да дүйсенбі күнгі су тасқыны салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жауапты басшылардан зардап шеккен аймақтар пен халықтың қиындықтарын шешу бағытында көмектерді арттыруды сұрады.

 

 

 

Тегтер

Сараптама