Apr 18, 2019 16:58 Asia/Almaty

Бүгін бейсенбі күні Теһран мен елдің басқа қалаларында Иран армиясы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының үлгілі бөлімшелерінің әскери парады бір мезгілде өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран армиясының үлгілі бөлімшелері Теһрандағы имам Хомейни кесенесінің маңында Иран Президенті Хасан Рухани және ел армиясы мен Сақшылар корпусының жоғары лауазымды қайраткерлері алдында әскери парад өткізді.

Қарулы күштер күніне арналған әскери парадпен бірге ирандық «Коусар» жергілікті қырғи ұшағы Теһранда парад болып жатқан жердің көгінде әуе маневрін сәтті орындады.  Сондай-ақ, үш «Саеғе» қырғи ұшағы, үш Миг-29 ұшағы, бір жанармай жеткізуші 707 ұшағы, бір F-14 ұшағы, бір F-14 қырғи ұшағы Теһрандағы имам Хомейни атындағы кесененің үстінен ұшып өтті.

 

Сараптама