Apr 19, 2019 08:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі қарулы күштердің рөлі мен орнын қуаттады

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Қарулы күштер күніне орай ел армиясы мен құрлық күштері қолбасшыларымен кездесуінде бүгінгі армияны діндар, бұрынғыдан да мықты деп атады.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы  Иран қарулы күштері бірлігінің одан ары нығайып жатқанын, мұның дұшпанның ашуына себеп болып отырғанын айтып, Иран армиясы мен Сақшылар корпусының АҚШ-ты жайына қалдыруын америкалықтардың жиренішті әрекетінен кейінгі көркем іс деп атады.  

ИИР армиясы Қасиетті Қорғаныс жылдарында бар күш-қуатымен дұшпанға қарсы тұрды. 8 жылдық Қасиетті Қорғаныс кезеңі Иран қарулы күштерінің мақтаныштарының бірі екені күмәнсіз. Сонымен бірге ол кезең қарулы күштердің бірлігі мен тілеулестігін көрсеткен маңызды да құнды тәжірибе болды.

Армия мен Сақшылар корпусы Иранның қорғаныс қуатының екі білегі ретінде революциялық-реформаторлық қатынас негізінде тежегіш қуатты арттырды. Бұл күштердің қазіргі тежегіш қуаты қоқан-лоққылар деңгейіне сәйкес бекітілген. Иран Қарулы күштерінің, соның ішінде  армия мен Сақшылар корпусының дұшпанға қарсы тұрудағы айбыны мен мықтылығы –   теріске шығаруға болмайтын шындық. Сондықтан  ИИР жүйесінің дұшпандары Иран армиясы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы арасындағы бірлікті көре алмағандықтан өз позицияларын жоғарылатқысы келеді.

АҚШ басшыларының  адамзатқа қарсы қылмыстары, соның ішінде  Йемен, Нигерия, Бахрейн, Палестина, Ауғанстан, Сирия мен Ирак халықтарын өлтіруі бұл елдің мемлекеттік лаңкес және лаңкестерді тәрбиелеуші екенін көрсететі. Сөйте тұра, өз жағдайына қарамай, Сақшылар корпусын "лаңкес" деп атайды.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай‑ақ, Иран армиясы мен қарулы күштерінің аймақтағы құзыры мен олардың дұшпандардың арандатушылықтарымен күресуіне тоқталып: «Иран армиясы мен Сақшылар корпусы ДАИШ‑пен күреспегенде бүгінде аймақ пен біздің көршілес елдеріміз қандай жағдайда болар еді, қандай адамдар онда билік жүргізетін еді?»‑деді.

Иран армиясы мен Сақшылар корпусы әрдайым қауіпсіздік пен тұрақтылықты кепілдендіретін мықты тірек болып келеді. Дұшпандар Иран халқы арасына іріткі салуды көздеп отырған қазіргі кезде бұл бірлік бұрынғыдан көбірек көрініс табуда.

ИИР қарулы күштері, соның ішінде  армия мен Сақшылар корпусының қауіп-қатерлер және дұшпандармен күресте көрсеткен мақтанышқа толы іс-қимылдары дұшпандарды ИИР-ның айбынды қарулы күштерімен соғысудан бас тартуға мәжбүрлейді. Сол себепті Бүкіл күштердің бас қолбасшысы ИИР қарулы күштерін ұлттық айбынның символдары мен элементтерінің бірі деп атады.

 

Сараптама