Apr 19, 2019 17:13 Asia/Almaty
  • Иранның жаңа эсминецтері елдің теңіз  күштеріне қосылады

ИИР Армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылғы жобалар бойынша, «Моудж» класының бірнеше эсминеці мен «Пейкан» класының зымыран тасымалдайтын бірнеше кемесінің теңіз күштеріне қосылатынын хабарлады.

 

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, адмирал Хосейн Ханзади «Дамаванд» эсминецін қалпына келтіру жұмыстарының аяқталып қалғанын, сондықтан оның жақын арада елдің солтүстік теңіз флотына қосылатынын мәлімдеді.   

Иран Армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы, сондай-ақ, биыл «Дено» эсминецінің тұсаукесер рәсімі өтетіні хабарлады. «Дено» эсминеці – негізгі жұмыстары аяқталған жобалардың бірі. Армия теңіз күштері қолбасшысының айтуынша, «Саба» класынан «Мишка» кемелерінің бірінші буынының теңіз күштеріне қосу – теңіз күштерінің келесі  бағдарламасы.

 

 

Сараптама