Apr 19, 2019 17:43 Asia/Almaty
  • Ирандағы Қазақстан елшісі екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүдделік танытты

Теһрандағы Қазақстан елшісі Асхат Оразбай елінің Бандар-Аббас теңіз дәлізіндегі сауда айналымын арттыруға мүдделік танытты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Асхат Оразбай бейсенбі күні дипломаттар тобымен Иранның оңтүстігіндегі шәһид Раджаи атындағы портқа келгенде Қазақстан дипломаттары тобының мақсатын Иранмен келіссөз жүргізіп, екі елдің сауда айналымын арттыруға қажет механизмді табу деп атады. Шәһид Раджаи атындағы порт халықаралық солтүстік-оңтүстік дәлізде орналасқандықтан жүкті тиеу және түсіру тұрғысынан заманауи мүмкіндіктерге ие.  

Иранның оңтүстігіндегі Хормозгон облысының порттар және кеме қатынасы ұйымының директоры Муродолла Афифипур қазақстандық дипломаттар үшін Иранның ең үлкен портының жабдықталу жағдайын баяндады.

Қазақстан мен Иранның сауда айналымы өткен алты жылда бес есе артып, 400 миллион доллардан 2 миллиард долларға жетті.

 

 

Тегтер

Сараптама