Apr 19, 2019 18:28 Asia/Almaty
  • Иранда Халықаралық эко азық-түлік фестивалі өз жұмысын бастады

Иранның солтүстік-батысындағы Занджан облысында бесінші Халықаралық Жібек жолы эко азық-түлік фестивалі 9 елдің елшілері, дипломаттар, ЭЫҰ-на мүше елдердің өкілдері және аспаздарының қатысуымен басталды.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Занджан облысының мәдени мұралар, қолөнер және туризм ұйымының Бас директоры Яхия Рахмати этникалық, саяси, географиялық және тіл айырмашылықтары халықтар арасындағы  байланыстардың дамуына ешқашан кедергі  келтіре алмайтынын баса айтты.

Фестивальдің ашылу рәсімінде Грекия, Хорватия, Индонезия, Австрия, Қазақстан, Түркмения елшілері, сондай-ақ, Индонезия, Түркіменстан, Түркия, Ауғанстан, Тәжікстан, Оман елдерінің дипломаттары, Ресей елшілігінің сауда өкілдері, ЭЫҰ-ның мүшелері, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысты.

Фестиваль сәуірдің 18-21 күндері Занджанның халықаралық көрмелер өтетін «Каспиан» тұрақты мекенінде өтеді.

 

 

Тегтер

Сараптама