Apr 19, 2019 19:52 Asia/Almaty
  • Иранда былтыр 114 лаңкестік топ залалсыздандырылды

Иранның Қауіпсіздік министрі өткен бір жылда 114 тәкпіршіл-лаңкестік топ, мұнафеқиндерге қатысты 116 топ, революцияға қарсы 4 топ, 380 есірткі контрабандасы жайтымен бетпе-бет келіп, 188 топ әрекеттерінің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Махмуд Алави Теһран жұма намазының алдында сөйлеген сөзінде: «Иранның оңтүстік-батысында көптеген қарулары бар төрт лаңкес құрықталды. Әртүрлі елдерде, соның ішінде Иранда жүздеген тыңшы анықталып, достық қарым-қатынас орнатылған елдердің қауіпсіздік қызметтерімен ақпараттық алмасулар жасалып, әртүрлі елдерден АҚШ Орталық Барлау Басқармасының тыңшылары ұсталды»,- деді.

 

 

 

Тегтер

Сараптама