Apr 22, 2019 14:54 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының жаңа бас қолбасшысы тағайындалды

Иранның бүкіл Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Хосейн Саламиді Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы етіп тағайындады.

Ислам революциясы жетекшісінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи Жарлық шығарып, Мохаммад Али Джафариге Сақшылар корпусының бас қолбасшысы ретінде атқарған қызметіне алғыс айтып, Хосейн Саламиге генерал-майор атағын беріп, оны Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы етіп тағайындады. Иранның бүкіл Қарулы күштері Бас қолбасшысының Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысын тағайындау туралы Жарлығында: «Генерал Джафари жүргізген мәдени-ағарту саласындағы жұмыстар жаңа қолбасшының кезінде артып, Сақшылар корпусынан кемелдікке жету жолын жалғастыру күтіледі»,- деп баса айтылды.

 

 

Тегтер

Сараптама