Apr 23, 2019 14:31 Asia/Almaty
  • Иран – Қазақстанды теңізге шығаратын ең тиімді бағыт

Ирандағы Қазақстан елшісі Асхат Оразбай Иранды Орталық Азия мен Қаспий теңізі аймағындағы елдер, әсіресе Қазақстан үшін теңізге шығаратын ең тиімді бағыт деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Асхат Оразбай дүйсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Горган облысының басшылары және экономика саласы белсенділерімен өткен отырыста Қазақстанның батысындағы ең жақын көршілес елдердің бірі саналатын ИИР-ның мүмкіндіктерін пайдалануды екі елдің мүддесі үшін деп атады. Оразбай, сондай-ақ, Гүлстан облысының Қазақстанмен сауданы дамыту мүмкіндігіне тоқталып: «Иранның Гүлстан облысы мен Қазақстанның Маңғыстау облыстары әртүрлі салалар бойынша ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды. Олардың ең маңыздысы сауданы дамытуға қатысты»,- деді. Ирандағы Қазақстан елшісі Горган-Ақтау әуерейсін ашуды жылдамдатуды, әсіресе ирандық бизнесмендердің визасын, сондай-ақ   валюта мәселесін шешу үшін банктік қиындықтарды шешетін жолды табу қажеттігін қуаттап, Қазақстанның ИИР-мен сауда байланысын арттыруды қалайтынын мәлімдеді.

 

 

Тегтер

Сараптама