Apr 23, 2019 16:14 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасын достық әрі терең деп бағалап, дұшпандардың қалауына керісінше екі елдің қарым-қатынасын одан әрі арттырып, нығайту қажеттігін қуаттады.

Аятолла Хаменеи Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан және оның делегациясымен кездесіп, екі ел шекараларындағы қауіпсіздік мәселесін маңызды деп атап: «Шекаралардағы тынышсыздықтардың себепкерлері лаңкестер дұшпанның ақшасы мен қаруын пайдаланады. Иран мен Пәкістан шекараларындағы қауіпсіздікке қарсы әрекеттердің мақсаттарының бірі – екі елдің қарым-қатынасын бұзу»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі  екі елдің қарым-қатынасының тарихи тамырларына тоқталып: «Үнді түбегі абырой мен дамуға мұсылмандар үкметі кезінде жетті. Британиялық отаршылардың бұл аймаққа тигізген ең ауыр соққысы оның исламдық өркениетін жоюы болды»,- деді. Аятолла Хаменеи Пәкістан үкіметінің Иранда жуырда болған сел апатынан зардап шеккендерге көмектесуіне алғыс айтып, Имаран Хан сапарының Мешхедтегі хазірет Мұса әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесін зиярат етуімен басталуын жақсы белгі деп бағалап, хазірет Резаның (ғ.с.) ақ батасымен бұл сапардың екі ел үшін пайдалы әрі сындарлы болатындығына үміт білдірді.

Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан да кездесуде кейбір елдердің Теһран мен Исламабадтың бір-біріне жақындағанын қаламайтынына тоқталып: «Екі елдің қарым-қатынасын бұрынғыдан бете нығайтуға талпынамыз.  ИИР үкіметімен үзбей байланыс орнатып келеміз»,- деді. Пәкістан Премьер-министрі Үндістан байлығының ең көп талан-таражға салынуын елде Британия билігі үстемдік еткен кезеңмен байланыстырып: «Британиялықтар Үндістанның бар байлығын талан-таражға салып, бұл елдің білім беру жүйесін жойып, Үндістанды «зергерлік колониясы» деп атады»,- деді.

 

 

Сараптама