Apr 24, 2019 15:58 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтату туралы түсі өңге айналмайды

ИИР-ның Мұнай министрі Зангане АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен басқа елдерге Иран мұнайын сатып алуға қатысты көрсетіп отырған қысымдарына тоқталып, америкалықтарға Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтату деген түстерінің өңге айналмайтындығына сенімді болуды ескертті.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане америкалықтар мен одақтастарының Иран мұнайының орнын толтыратыны туралы мәлімдемесін олардың қоқан-лоққыларының сәтсіздікке ұшырауының белгісі деп атап: «Иран мұнай туралы мәлімдеме жариялап, оларды қолдайтындар бұл шешімдерінің жағымсыз салдарлары болатынын біледі. Мұнай нарығы өте тұрақсыз әрі болжаусыз»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Сараптама