Apr 24, 2019 18:59 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың мұнай мәселесіндегі дұшпандығы жауапсыз қалмайды

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның Иран халқын бағындыру үшін экономикалық қысымдарға шоғырланғанына тоқталып: "Дұшпанның Иран халқының еш уақытта бағынбайтынын, санкцияларды дамуы үшін мұрсатқа айналдырып, АҚШ-тың қастандықтарын жауапсыз қалдырмайтынын білгені жөн",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әртүрлі өнеркәсіптің мыңдаған жұмысшысымен кездесуінде АҚШ-тың Иранның мұнай экспортының алдын алу талпынысы туралы: "Иранның белсенді халқы мен қырағы басшылары егер ерік-жігер білдірсе, барлық қиындықтардың артта қалатынын көрсетті. Америкалықтардың бұл талпыныстары нәтижеге жетпейді. Ислам республикасы мұнайының қажет деген мөлшерін экспорттайды",- деді. Аятолла Хаменеи Иран халқының дұшпандарына арнап: "Дұшпандықтарыңыз жауапсыз қалмайды. Иран халқы өзіне қастандық жасалған кезде, қол қусырып қарап, тамашалап отыратын халық емес",- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі  АҚШ-тың мұнай қысымдарын күшейтуіне байланысты сөзінде: "Мұнай сатуға тәуелділікті төмендетуді қолайлы мұрсат санаймыз. Сондықтан ішкі мүмкіндіктерге көбірек арқа сүйеуге талпынамыз",- деді.

 

 

 

Сараптама