Apr 25, 2019 18:43 Asia/Almaty
  • Генерал Хатами: АҚШ-тың Иран мұнайын тоқтату туралы уәжі орындалмайды

Иранның Қорғаныс министрі генерал Хатами АҚШ режимінің Иран мұнайын тоқтату туралы уәждері арқылы Иран халқының мүдделері мен әл-ауқатына нұқсан келтіру үшін жасаған антигуманистік шараларының әсері болмайтынын мәлімдеді.

Генерал Хатами сәрсенбі күні Мәскеудің сегізінші халықаралық қауіпсіздік саммитінде АҚШ-тың Иранның мұнай экспорттау жолдарын шектеуге талпынуына тоқталып: "Исламдық республика ұлттың әл-ауқатын қамтамасыз ету және АҚШ-тың экономикалық терроризмімен күресу үшін өзін қорғаныс құралдарын қолдануға құқылы санайды",-деді.

Генерал Хатами АҚШ-тың басынып, елдер мен олардың заңды ұйымдарын лаңкестіктің демеушісі ретінде тізімге алуын нәсілшіл сипаттағы ұятсыз шара деп атап: "Адамның ояу ұжданы үшін Ислам революциясы Сақшылар корпусының Батыс Азия аймағындағы лаңкестікпен күресіп жатқан бірден ббір ұйым екенін түсіну оңай",-деді.

Иранның Қорғаныс министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың қауіпті шараларына қатысты ескерту жасап: "Батыстың АҚШ-қа қарсы шешім қабылдаудағы жігерсіздігі Ақ үй басшыларының дөрекілене түсуіне себеп болып отыр",-деді.   

 

Сараптама