Jul 11, 2019 12:50 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран дипломатия жолын ашық қалдырды

ИИР Президенті Франция Президентінің жазба жолдауын алған соң, Иранның дипломатия мен келіссөз жолын толық ашық қойғанын қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбіде Франция Президентінің дипломатиялық істер жөніндегі кеңесшісі Эммануэль Бонмен Теһрандағы кездесуінде Франция Президенті Эммануэль Макронның бастаған белсенділігін қолдап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тараптары бұл мұрсатты аталмыш келісімді толық іске асыру үшін пайдаланулары керек. ИИР-ның негізгі мақсаты   «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа тараптардың бұл келісімде белгіленген міндеттемелерін орындату. Сондай-ақ олар өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, Иран өз міндеттемелерін толықтыру үшін жаңа қадамдарын басады»,- деді.  

Франция Президентінің дипломатиялық істер жөніндегі кеңесшісі Эммануэль Бон де бұл кездесуде Франция Президенті Эммануэль Макронның жазба жолдауын Руханиге тапсырды.

 

Тегтер

Сараптама