Jul 12, 2019 17:40 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тақырыбында іс жүзінде АҚШ-қа бағынды

Теһран жұма намазының имамы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған еуропалық мемлекеттердің АҚШ-тың бұл халықаралық келісімнен шығуынан бір жыл өткен жағдайда өз міндеттемелерін орындамас түгіл, іс жүзінде АҚШ-қа бағынғандарын қуаттады.

Теһран жұма намазының имамы Казем Седдиқи бүгінгі намаздың құтпаларында «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуы мен Иранға қарсы санкцияларды енгізуі бұл елді адамзаттың алдын әшкереледі» деп тауып: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын басынан бұзып, оған сай амал етпей, санкцияларын күшейтті»,- деді. Теһран жұма намазының имамы еуропалықтарға берілген екі айлық уақыттың аяқталуы және енді басқа мұрсатты беру мүмкіндіктін жоқтығына тоқталып: «Аталмыш келісімнің 26 және 36-шы баптары бойынша, егер бір тарап міндеттемелерін орындамаса, екінші жақ өз міндеттемелерін азайта алады. Осы баптар бойынша Иран уран байытуын арттырып отыр»,- деп қосты. Теһран жұма  намазының имамы АҚШ пен еуропалықтардың өз міндеттемелерін орындамауларына байланысты Иранның өзінің уран байыту деңгейін 20 және одан жоғары пайызға арттырғысы келетінін  және Иранның уран байыту мәселесінде ешкімнен рұқсат сұрамайтынын қуаттады.  Казем Седдиқи Иранның аймақтағы лаңкестік топтармен күресі және лаңкестердің қылмыстарында қарсы зымырандық құдыретіне тоқталып: «Британияның Гибралтар жағалауында Иранның мұнай тасымалдайтын танкерін тұтқындауы Иранның күш-қуатына немқұрайдылық таныту болды. Теһранның мықты жауабы Британияны өкіндіреді»,- деп қуаттады.

Тегтер

Сараптама