Jul 14, 2019 15:52 Asia/Almaty
  • Рухани: Американың Иранға қарсы барлық талпынысы сәтсіздікке ұшырады

ИИР-ның президенті Рухани Американың өткен он төрт айда Иран халқына ең ауыр санкцияларды салғанын, бірақ, қай салада болмасын, соның ішінде саяси, құқықтық, әлеуметтік салаларда да жеңіліс тапқанын мәлімдеді.

Хасан Рухани жексенбі күні Солтүстік Хорасан облысындағы Ширван қаласының қалың жамағатының ортасында сөйлеген сөзінде: «Американың Иран халқына ең ауыр санкцияларды таңып отырғанына он төрт ай болды. Алайда, исламдық Иранның қаһарман, зияткер, мықты халқы осы уақыт бойы санкцияларға айбынмен табандылық танытып келді. Америкалықтар Ауғанстан, Ирак, Сирия мен Йемен сияқты аймақ елдерінде жеңіліс тапты. Егер біреу Иран халқы жасалған қысымдардың салдарынан әлсіреді десе, жалған айтқаны» еді.  
 

Американың Иранға қарсы біржақты әрекеттері ББҰ мен АҚХА сияқты әртүрлі ұйымдарда жеңілістермен бетпе-бет келді. АҚХА-нің Басқарма Кеңесінің саммитінде де әлемнің көптеген елі Иран халқына қолдау танытты» деді.

 

Тегтер

Сараптама