Jul 22, 2019 17:25 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі: "Қарсыласу мен күрессіз жеңіс болмайды. Илаһи көмекпен Палестина мәселесі Палестина халқы мен Ислам әлемінің мүдделеріне аяқталады",- деп қуаттады.

 

Аятолла Хаменеи бүгін, дүйсенбі таңертең Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың жоғары лауазымды делегациясымен кездесуінде Палестина тақырыбын Ислам әлемінің басты мәселесі деп атап: "Палестина Ислам әлемінің ортасында орналасқандай, ХАМАС Палестина қозғалысының ортасында орналасты",- деді. Ислам революциясының жетекшісі Газа халқы мен Иордан өзенінің батыс жағалауы тұрғындарының табандылығы мен қарсыласуын жеңістің белгісі деп тауып: "ИИР Палестинаға байланысты ұстанмының ешбір елге қаытсы жоқ. Өйткені Палестинаны қолдау  діни мәселелердің бірі. Сауд Арабиясы  сынды кейбір елдердің Палестина мәселесінен алыстауы ақылсыздық болды. Өйткені, егер Палестинаны қолдағанда, АҚШ-қа қарсы тұра алатын еді",- деп қосты. Аятолла Хаменеи "Ғасыр мәмілесі" жобасына тоқталып: "Бұл қастықтардың мақсаты палестиналық халықты, әсіресе жастарын өз болмысынан алыстату. Сондықтан оларға ақшаны пайдаланып, палестиналық болмысты құртуға рұқсат бермеу қажет. Осыдан бірнеше жыл бұрын палестиналықтар қолдарына тас ұстап, күресті. Бірақ осы кезде тастың орнына зымырандармен жабдықталуда. Яғни алға ілгерледі",- деп сөзін жалғады.  

ХАМАС-тың саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арвари Ислам республикасының Палестина халқын қолдауына ризалығын білдіріп: "Иранға қарсы әр дұшпандық әрекет негізінде Палестина мен қарсыласу ағымына қарсы дұшпандылық",- деді.  

 

Тегтер

Сараптама