Jul 23, 2019 16:43 Asia/Almaty

Арменияның мемлекеттік хор капелласы 21-22 шілдеде Теһранның "Вахдат" концерт залында өнер көрсетті.

Армения Республикасының ИИР-дағы елшілігінің ұйымдастыруымен танымал армян композиторы Тигран Мансурянның туғанына 80 жыл толуына орай 21-22  шілдеде Теһранның "Вахдат" концерт залында Арменияның мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетті. Хорды атақты дирижер Роберт Млкеян басқарды. Концертте Ованес Туманян мен Аветик Исаакян сияқты армян ақындарының өлеңдеріне жазылған капеллалық әндер орындалды. Концерт соңында Тигран Мансурян Армения елшілігі мен "Вахдат" концерт залының ұжымына және ұлттық музыканы қолдауға келген Ирандағы армян диаспорасына алғысын білдіріп, Иран мен Армения халықтарының достығы мен ынтымақтастығының жалғасын табатынына сенім білдірді.   

Тегтер

Сараптама