Jul 28, 2019 17:27 Asia/Almaty

ИИР Президенті: "Шетелдік күштердің орналасуы аймақта қауіпсіздікті сақтауға көмектеспейтіні былай тұрсын, қайшылықтардың туындауының басты факторы болып отыр",-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алавимен кездесуінде Иран мен Оманның Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты басты елдер екенін айтып: "Иран әрдайым Оман теңізі, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының халықаралық кеме қатынасы үшін сенімді жол болуына күш салып келеді",-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, Ұлыбританияның Гибралтар бұғазында ирандық танкерді тұтқындауын заңсыз деп атап: "Иран Оман теңізі, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген заңбұзушылыққа бұрығыдай бар күш-қуатымен қарсы тұрады",-деп мәлімдеді.   

Юсеф бен Алави де осы кездесуде Иран мен Оман қарым-қатынасының достық пен бауырластыққа негізделгенін айтып: "Бүгінде аймақ жасанды дағдарыстарды бастан өткеріп жатыр. Иранның қатысуынсыз аймақта шынайы да тұрақты қауіпсіздік орнату мүмкін еместігі айқын",-деді.

Тегтер

Сараптама