Aug 02, 2019 13:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы АҚШ тың қысымдарына тізе бүкпейді

ИИР Президенті: «Әлем Иран халқының ұлы, ерік жігері мықты екенін, сондықтан АҚШ тың қысымдарына тізе бүкпейтінін түсінді», деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні  Иранның солтүстік‑батысындағы Табризде Шығыс Әзірбайжанның әкімшілік кеңесінің жиналысында АҚШ‑тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығып, Иранға қарсы санкцияларды арттырғанына тоқталып: «Егер ядролық келісім келесі жылға дейін сақталып қалса, БҰҰ‑ның Иранға қарсы қару‑жарақ санкцияларының барлығы толық алынып тасталады»,­‑деді.

Иран Президенті: «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы саяси‑құқықтық тұрғыдан Иран үшін өте маңызды, өйткені БҰҰ осы халықаралық келісімге сүйеніп, Иранның уран байыту құқығын ресми түрде таныды»,‑деді.

Рухани: «Иранға қарсылар, әсіресе сионистік режим, Сауд Арабиясы мен АҚШ‑тың әсірешілдері «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына төзе алмай, оған қарсылықтарын ашық түрде жариялап, бұл келісімнің Иранның мүддесіне 100 пайыз сәйкес келетінін мойындады»,‑деді.   

Тегтер

Сараптама