Aug 06, 2019 17:08 Asia/Almaty
  • Рухани: Сақшылар корпусы мен Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың санкциясынан кейін әлемде танымалырақ бола түсті

ИИР Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Иран Сыртқы істер министрінің АҚШ тарапынан санкцияға ұшырауының олардың аймақ пен әлемде беделі мен танымалдығының артуына септігін тигізгенін айтты.

Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Иран Сыртқы істер министрі, осы ведомствоның бөлім басшылары және директорларымен кездесуінде АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының кері нәтиже беретінін айтып: "АҚШ санкциялары Иран халқын нығайта түсті. Олар барлық қиындықтардан сәтті өтеді",-деді.

Рухани Ақ үй тарихында мұншалықты сорақы билеушілер болмағанын айтып: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуда ғана емес, Еуропаға қысым жасауда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында, Варшава отырысында және Палестина мен Голан мәселелерінде жалғыз қалды",-деді.  

Рухани Теһранның әлеммен сындарлы әріптестік жасауды қалайтынын айтып: "Егер дұшпандар аймақта қауіпсіздік болғанын қаласа, Иранның қауіпсіздігін бұзбауы керек, өйткені бұғазға бұғаз, бейбітшілікке бейбітшілік және мұнайға мұнай беріледі",-деді.   

Тегтер

Сараптама