Aug 06, 2019 18:12 Asia/Almaty

Сейсенбі күні Теһранда ирандық мамандардың қолымен жасалған "Ясин" мен "Балабан" атты алыстан басқарылатын дамыған ақылды бомбалар мен "Ғаем" атты оптикалық ақылды бомбалардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қарулы күштерді қолдау және қорғаныс министрі генерал Амир Хатами осы дамыған бомбалардың тұсаукесер рәсімінде "Балабан" бомбасын сипаттай келіп: "Бұл бомбада ұшу ұзақтығын арттыруға мүмкіндік беретін қайырылатын қанат бар. Сондай-ақ, нақтылығын арттыру үшін басқару жүйесі орналастырылған",-деді.

Иранның Қорғаныс министрі "Ясин" атты ақылды бомба туралы: "Ұзақ қашықтыққа арналған бұл ақылды бомба 50 км-ден артық қашықтықтан жіберіліп, нысанаға қарай бағытталып, оған дөп тие алады",-деді.

Генерал Хатами, сондай-ақ,  "Ғаем" атты оптикалық нүктелі бомбаларды сипаттап: "Тию қателігі жарты метр де болмайтын бұл бомбалаларды ұшқышсыз ұшақтар, тікұшақтар мен қырғи ұшақтарға орналастырып, бекіністерді қиратып, жиылған жұртты талқандап, қозғалмалы нысаналарды жою үшін пайдалануға болады",-деді.

Сараптама