Aug 07, 2019 19:23 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иранның дарынды жастары білім мен технологияның шекарасын кеңейтуі керек

Ислам революциясының жетекшісі: "Иран үшін пайдалы ғылыми даму революцияшыл көзқарас пен исламдық ойға негізделсе ғана мүмкін болады. Иранның дарынды жастары өздерінің басты мақсатын білім мен технологияның шегіне жетіп, шекарасын кеңейту деп белгілеуі керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні дүниежүзілік ғылыми олимпиадаларда жүлде алғандар, дарынды жастар және ұлттық волейбол командасының мүшелерімен кездесіп, олардың терең ойлап, ақылға салып сараптайтындарын мақтап, дарындардың жолын таусылмайтын жол деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның нанотехнология бойынша жоғары сатыда тұрғанын айтып: "Дарынды жастар мен келесі буын ғылым мен биотехнология саласында анықталмаған жүздеген құбылыстар мен наноөнімдерді анықтайды деп үміттенеміз. Олар тек ғылыми даму жолын жалғастырумен шектеліп қалмауы керек",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, ирандық дарынды жастардың өз медальдарын оған табыстауына алғыс айтып: "Бұл бір адамға сыйлау емес, бір символға сыйлау. Мен бұл медальдарды қабылдай отырып, оларды дарынды жастардың өздеріне қайтарамын, өздеріңнің жандарыңда болсын",-деді.  

Сараптама