Aug 21, 2019 19:46 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Екінші қырық жылдық бұдан да жақсы болары анық

Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның саяси-экономикалық және қорғаныс салаларындағы жетістіктері мен қарым-қабілетіне тоқталып: "Дұшпан ештеңе істей алмайды. Ислам республикасының екінші қырық жылдығы біз үшін бұдан да жақсы, ал дұшпандар үшін одан да нашар болары анық",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иран Президенті және үкімет мүшелерімен кездесуінде: "АҚШ, Еуропа және тіпті бұрынғы Кеңес одағы осы қырық жылда ИИР-ға қарсы қолдарынан келген барлық шараларды атқарды, бірақ еш нәтижеге жетпеді",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, экономика тақырыбына тоқталып, шикі мұнайды әртүрлі өнімдерге айналдыруды мұнай экспортына тәуелділіктен құтылудың басты жолы деп атап: "Талай рет айтылғандай, ғалымдар мен өнеркәсіпшілерді пайдаланып, газ бен бензин сияқты өнімдермен қоса, болашақта басқа да өнімдерге қол жеткізе аламыз. Олардың экспорттық құны шикі мұнайдан бірнеше есе артық болады",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Кашмир мәселесіне тоқталып, бұл аймақтағы мұсылмандардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп: "Біздің Үндістан үкіметімен қатынасымыз жақсы, бірақ бұл үкіметтен Камшир халқына қатысты әділетті саясат ұстанып, бұл аймақтың мұсылмандарына күш көрсетілмеуін қадағалайды деп күтеміз",-деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи Кашмир аймағының қазіргі жағдайы және Үндістан мен Пәкістанның осыған қатысты қайшылығын Ұлыбританияның Үндістан түбегінен шығып бара жатқанда жасаған жауластық шараларының нәтижесі деп атап: "Британдықтар Кашмирде қақтығыстар жалғасуы үшін әдейі аймақта осы жараны қалдырды",-деді.

Сараптама