Sep 09, 2019 11:02 Asia/Almaty
  • Занджан қаласында хазірет Аббасқа арналған аза рәсімдер өтті

Имам Аба Абдолла әл-Хұсейннің (ғ.с.) мыңдаған ғашықтары Занджанның діни рәсімдер өтетін орталық жерінде хазірет Аббас күніне байланысты аза рәсімдеріне жиналып, Кербаланың шөл даласындағыларға су әкелуге талпынған адамға шексіз махаббатын білдірді.

«Яум әл-Аббас» (Аббас күні) деп танымал болған бұл рәсім жыл сайын 8 мұхаррамда Занджан қаласында өтеді. Иранның түпкір-түпкірінен және әлемнің кейбір елдерінен жиналған  Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің мыңдаған жақтастары жексенбі күнгі Занджандағы аза рәсімдерге қатысты. Мұхаррам айының 8 және 11 жұлдызындағы аза рәсімдер Иранның ұлттық рухани мұралары тізіміне тіркелді.  

 

Тегтер

Сараптама