Sep 10, 2019 20:22 Asia/Almaty
  • Ашура күнінде исламдық Иран имам Хұсейнді аза тұтып жатыр

Ашура күнінде исламдық Иран әлем шиіттерінің үшінші имамы Хұсейн (ғ.) мен оның адал серіктерінің шәһид болған күнін еске алып, аза тұтып жатыр.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, исламдық Иранның мүмін әрі құдайшыл халқы мұхаррам айында, әсіресе Ашура орын алған 10 мұхаррамда мешіттер, діни орындар мен текиелерде жиналып, аза тұту рәсімін өткізеді. Жоқтау айту, қолмен кеудені ұру, шынжырмен арқаны ұру және хазірет имам Хұсейн мен Абулфазл әл-Аббастың (ғ.) тұлғалары мен орындары туралы сөз сөйлеу осы күні атқарылатын маңызды бағдарламалардың қатарына жатады.

Бүгін, сейсенбі 19 шахривар, х.қ.ж.с.б. 1441 жылдың 10 мұхаррамы, сәйкесінше 2019 жылдың 10 қыркүйегі – Ашура күні.

Тегтер

Сараптама