Sep 12, 2019 14:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен шәһидтердің көшбасшысын аза тұту рәсімдерінің соңғы түні өтті

Хазірет имам Саджад Зейнолабединнің шәһид болған күнінде хазірет Аба Абдулла әл Хұсейнді аза тұту рәсімдерінің соңғы түні имам Хомейни (р.) кесене кешенінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өтті.

Халықтың әртүрлі әлеуметтік тобынан мыңдаған адам мен жауапты тұлғалар қатысқан рәсімде сейіт Ахмед Хатами сөйлеген сөзінде: «Ашура оқиғасында беделді адамдар уақытында іске араласпады. Сол себепті осы ащы оқиға орын алды. Егер уақытында араласса, адамзат тарихы өзгерген болар еді»,‑деді.

Хатами «Абайламасақ, сынақтардан өтпей қалуымыз мүмкін» екенін айтып: «Өтпей қалғандар – имам Хұсейннің (ғ.) соғысына барғанмен дүние‑мүлікке жармасқан адамдар. Қабылданғандар – имам Хұсейннің(ғ.) жанында қалып, Құдайға ғашықтығын көрсетіп, өз дінін дүние‑мүлікке сатпағандар»,‑деді.  

 

Сараптама