• Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алмай отыр

ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын заманауиландыру ісін аяқтағанша елдің өз-өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алмайтынын мәлімдеді.

ҚР Энергетика вице-министрі дизель отынына қатысты мәселенің жиі туындайтынын айтып, қазіргі таңда елдің мұнай өңдеу зауыттарын заманауиландыру үдерісі аяқталғанға дейін мұнай өнімдерімен әлі қамтамасыз ете алмайтынын мәлімдеді. Вице-министрдің айтуы бойынша, Қазақстанда бензин мөлшері шамамен 1 миллион тоннаға жуық, бірақ біраз мөлшерін басқа елдерден, әсіресе Ресейден 500000-600000 тоннадай алуға мәжбүр. Сонымен қатар жаз маусымында Ресей мен Қырғызстаннан алатын мұнай өнімдерінің бағасы арасында өте үлкен айырмашылық орын алған. Қазақстанның бірқатар аймағында дизель отынының тапшылығы байқалғанымен ҚМГ, Гелиос және Sinooil сияқты үлкен желілерде жетіспеушілік жоқ көрінеді.

 

 

Oct 08, 2016 17:12 Asia/Almaty
Сараптама