Mar 10, 2017 19:33 Asia/Almaty
  • Қазақстан Астанада өткізетін отырыстың уақытын растады

Қазақстан СІМ бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Астанада өтетін Сирия бейбітшілік отырысының уақытын растап, Иран мен Ресей және Түркияның міндетті түрде қатысатынын мәлімдеді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, отырыс наурыз айының 14-15 күндері Иран мен Ресей және Түркияның жоғары деңгейлі қайраткерлерінің қатысуымен Астанада өтеді.

Ресми Астананың мәлімдеуі бойынша, Иран мен Ресей және Түркиямен қоса БҰҰ, АҚШ және Иорданияға да шақыру хат жөнелтілген, бірақ олардың өкілдерінің осы отырысқа қатысатын, қатыспайтындығы әлі белгісіз.

Қазақстанның мәлімдемесі бойынша, Сирия үкіметі мен қарулы қарсыластарының өкілдері де осы отырысқа қатысады деп күтілуде.

Осыған дейін Астанада Сирия туралы екі бейбітшілік отырысы мен мамандандырылған бір отырыс өтті.

Астана отырысымен қоса екі аптадан кейін Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ-ның қадағалауымен тағы бір отырыс өтуі тиіс.

 

 

Тегтер

Сараптама