• Қазақстанда бейбітшілікті қорғау мақсатындағы жаттығулар басталды

Бейбітшілікті қорғау мақсатындағы жаттығулардың алғашқы кезеңі сәрсенбі күні Қазақстан қарулы күштерінің "Іле" білім беру орталығының базасында басталды.

Осы жаттығулар шеңберінде Қазақстан, АҚШ және Ұлыбританияның командирлері өз жауапкершілігіндегі аймақтарда патрульдік жаттығулар, жолдарды бақылау, халықты тексеру пункттерін орнату амалдарын атқарады.

"Синьхуа" ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, Қазақстан Қорғаныс министрлігі келіссөз үйретуді, бейбітшілікті қорғаушы күштердің базасын күзетуді, күштер мен гуманитарлық көмектерді жеткізу миссияларын, мина қойылған аймақтарды минадан тазарту және медициналық алғашқы жәрдем көрсетуді үйретуді де осы жаттығулардың қатарында атаған.

Бұл жаттығудың негізгі кезеңі төртінші тамызға дейін өтеді.

Жаттығуларда НАТО-ға мүше елдердің мамандары Қазақстанның бейбітшілікті қорғау батальонының миссияларға қатысуын бағалайды.

"Steppe Eagle" деп аталатын бейбітшілікті қорғау жаттығуы 2003 жылдан бері жыл сайын өтеді.

Жаттығуларға жыл сайын 1500-ден астам сарбаз мен офицер қатысады.

 

 

Тегтер

Apr 07, 2017 08:23 Asia/Almaty
Сараптама